рус / eng / kaz
  


Жасампаз мұғалімдер мен білім беру жобаларының көрмесі

Жасампаз мұғалімдер
мен білім беру жобаларының көрмесі

Білім беру көрмесі - PRO.NRG FEST-тің бірегей интерактивті секциясы. Мұнда Қазақстандағы STEAM-білім беру алаңын кімнің және қалай өзгертетінін біле аласыздар. Біздер ғылым, инженерия, математика және цифрлы технологиялармен байланысты пәндердің соңғы трендтері мен үздік практикалары жайлы біліп отыру үшін білім берудегі ең соңғы және ең қызықты шешімдерді жинақтадық.


Көрме барысында педагогтер қазақстандық және халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламаларымен, білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ мансаптарын жетілдіре түсуге көмектесетін өзге де мүмкіндіктермен таныса алады. 

Мектеп және білім беру мекемелерінің директорлары білім берудің жаңа әдістерін және тәсілдерін тауып, заманауи білім беру сыныптарын жабдықтау бойынша соңғы жетістіктермен танысып, сонымен қатар өз ұйымдарына керекті жаңа серіктер мен сарапшыларды таба алады. 

Ата-аналар мен балалар балаға дамуға және қызығушылықпен оқуға мүмкіндік беретін қызықты курстармен, бағдарламалар және ойындармен танысады. Ал дамыту саласының педагогтері мен кеңесшілері кеңес беріп, сіздерге дербес білім беру траекториясын жасау жолында құнды ұсыныстар ұсынады. 



Көрмемізде сонымен қатар Science on Stage Kazakhstan байқауының қатысушылары – мұғалімдердің жобалары берілген. Бұл педагогтер сіздерге өз дайындамаларын, мектепте және сыныпта пайдалануға болатын идеялары мен шешімдерін ұсыну үшін қатаң іріктеуден өтті.

PRO.NRG FEST білім беру көрмесі – әріптестермен, сарапшылармен және білім беру саласының кәсіпқойларымен кездесіп, тәжірибе алмасуға жағдай жасайтын тамаша мүмкіндік.


PRO.NRG FEST – кел, тамашала, көр!

Көріністер: 129
Сақталған: 27.07.2023



ТІРКЕЛУ


Сұрақтар қалды ма?



  

©2022 Все права защищены





Күте тұрыңыз...

Хорошая погода, не так ли?

Ақпараттық бюллетеньге жазылу


Операция сәтті аяқталды.



Қате!