First Global Challenge
FIRST® - тұтас отбасына арналған роботты ойын-сауық
Оқушылар арасындағы басты халықаралық робототехника чемпионаты. Фестивальде тұтас Қазақстан бойынша командалар арасында Ұлттық кезеңнің финалы өтеді. Жеңімпаздар әлемдік біріншілікте біздің еліміздің намысын қорғайтын болады.
FIRST® балаларды ғылым мен технологияда көшбасшы және жаңалық жасаушы болуға жетелеп, ғылым, инженерия, технология және әлеуметтік машықтар саласында икемдерін арттыра түсетін қызықты бағдарламаларға тартады. Осының бәрі жаңалық жасауға шабыттандырып, интеллектінің, байланыс орнату машықтарының, мінез-құлықтың, тұлғааралық қатынас машықтарын, өзіне деген сенімділікті және көшбасшылықты дамытуға ықпал етеді.
FIRST® Global Challenge жыл сайын әлемнің 160-тан астам елінен командалар жинақтайды. Өткен 2022 жылғы маусым Қазақстан үшін триумфты болды. Құрама 3 алтын медаль ұтып алып, рейтинг бойынша бірінші атанды.
Чемпионаттың ұлттық кезеңінің финалы 2023 жылы 9-шы қыркүйекте PRO.NRG FEST ғылым фестивалінде өтеді.
Робототехника әлемінің басты оқиғасының куәгері атанып, жеңімпаздардың есімін алғашқы болып еститіндердің қатарынан орын ал.
PRO.NRG FEST – кел, тамашала, көр!
Жарысты ұйымдастырушы FIRST® жарысының ұлттық операторы - USTEM Foundation қоры.
Көріністер: 110
Сақталған: 27.07.2023