PRO.NRG FEST 2024
Астананың ең ірі ғылыми-көрнекті фестивалі
21 қыркүйек / AIFC АСТАНА / 10:00
  • 4 лек

    Ғылыми-көрнекті секциялар легі, педагогикалық трендтер мен инновациялар, Art&Science
  • 25 спикер

    Өз саласының жетекші сарапшылары мен тренд қалыптастырушы тұлғалары
  • 30 іс-шара

    Дәрістер, тәжірибе сабақтары, шеберлік сабақтары, воркшоптар және тағы басқалар
Іс-шара туралы
PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» - заманауи ғылымның көмегі арқылы адам мен табиғаттың үйлесімді тіршілігіне деген жаңа көзқараспен танысатын орын.
Бұл әлемге табиғаттың «көзімен» қарап, адамдарға жайлы өмір сүруге және экожүйелер гүлденуге жағдай жасалған қалалар мен ауылдарды қалай құруға болады деген сұраққа жауап беруге тырысатын бірегей платформа.

Бұл ғалымдардың, инженерлердің, зерттеушілердің, урбанисттердің және педагогтардың балалар мен ересектерге арналған Қазақстандағы және басқа елдердегі адамдар қоршаған ортамен тепе-теңдікті қалай қалпына келтіріп жатқаны жайлы және қандай идеяларды біз өзіміз қолдана алатынымыз жайлы айтылатын қызықты дәрістері.
PRO.NRG FEST 2024-тегі негізгі іс-шаралар
  • 30-дан астам ғылыми-көрнекілік дәрістер, шеберлік сыныптары, интерактивті сессиялар мен тәжірибе сабақтары
  • ғылым мен өнердің бірлестігі – ғылыми шоу-бағдарлама, тірі эксперименттер мен қойылымдар
  • бағалы сыйлықтар ұтысын өткізу арқылы фестивальді геймификациялау
  • YEMAA Art Space жобасының арнайы көрмесі
  • білім саласындағы көрме экспонаттары, воркшоптар мен презентациялар
  • көптеген өзекті тақырыптардың әртүрлі форматта ұсынылуы
Бұл фестиваль кімдер үшін қызықты?
  • Оқушылар
  • Ата-аналар
  • Педагогтар
  • Білім саласындағы компаниялар
  • Білім және ғылым саласының мамандары
  • Ғылымға қызығушылар
Былтырғы фестивальге шолу
ПІКІРЛЕР
Артур Гайдук
Қазақстандағы балаларға арналған жетекші астрономия мектебінің негізін қалаушы
Мені PRO.NRG Fest 2023 іс-шарасына экзопланеталар тақырыбы бойынша спикер ретінде шақырды.
Бұл fest-тің ауқымы мені таң қалдырды! Олар бәрін ұсақ-түйекке дейін нақты ойластырған – өзіңіз білетіндей табыстың кілті сол ұсақ-түйекте емес па?
Іс-шараның техникалық жабдықталуы да,фестиваль қонақтары мен қатысушыларына деген ілтипат пен қарым-қатынас та тамаша болды.

Ұйымдастырушыларға осы отбасылық ғылыми фестиваліне қатысуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтамын! Мен осындай жобалардың Қазақстанда жүзеге асырылып жатқанына өте қуаныштымын, өйткені бұл фестиваль ақысыз, барлығына қол жетімді болды, сол себепті балалар мен ересектер ғылым мен білім әлеміне ену мүмкіндігін алды!

Мен PRO.NRG Fest 2023 фестиваліне спикер ретінде де, көрермен ретінде де қатыстым. Мен фестивальді барлық жағынан бақылай алдым. Сондықтан мен ұйымдастырушылар «Caravan of Knowledge»-ді шеберліктің шыңына шыққан команда деп нық сеніммен айта аламын!
Мен осындай іс-шараларға қатысуға және одан әрі қарайғы серіктестікке қуана келісемін!
Алмас Ордабаев
"Quantum Management Company" бас директоры
PRO.NRG Fest 2023 фестиваліне қонақ ретінде бардым және мен осы іс-шараны ұйымдастырушыларға өзімнің тәнті болғанымды және таңданысымды білдіру керекпін. Осындай маңызды және пайдалы іс-шара үшін және кәсібиліктері үшін көп рахмет.

Шараның тамаша ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Өте қызықты спикерлер, қойылымдар, жағымды, зиялы және интеллектуалды орта құрылған.
Әрбір қонақ пен қатысушының жүрегінде тек жағымды, мейірімді эмоциялар мен естеліктер сақталатынына сенімдімін. Кез-келген ауқымдағы және деңгейдегі іс-шараларды өткізуді«Caravan of Knowledge»-ге ғана сеніп тапсыруға болатынына тағы да бір көзім жетті. Серіктестігіміздің әрі қарай жалғасатынына сенеміз!
Нұрдәулет Досмағамбет
Қазақстан мен Орта Азиядағы инженерияны дамыту қорының USTEM Foundation тең құрылтайшысы
Мені PRO.NRG Fest 2023 шарасына спикер ретінде шақырылдым. Ол жерде Қазақстанда робототехниканың жалпы дамуы қалай басталғаны туралы айттым.

Бұл фестивальдің ауқымы мен жалпы ұйымдастырылуы мені таң қалдырды. Ұйымдастырушылар техникалық жабдықтаудан бастап, шығармашылық қойылымдарға дейін барлығын ойластырған. Әрбір қонаққа, әр фестиваль қатысушысына көңіл бөлінді.
Ең бірінші спикер ретінде шақырғандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Кез-келген жастағы адамға қызық болатындай, бүкіл отбасы болып келсе де, әр отбасы мүшесі өзіне керегін табатындай етіп жасалынған осындай жобаның Қазақстанда жүзеге асырылып жатқаны үлкен мақтаныш пен қуаныш сезімін ұялатады!
Мұндай жобаға қатысуға барлық кезде қуаныштымын! «Caravan of Knowledge» -дей ұйымдастырушылармен жұмыс жасау өте ыңғайлы және ондай жұмыс тек рахат әкеледі! Келесі фестивальде кездескенше!
Қатысушы PRO.NRG 2023
baigenova.aitogyn@gmail.com
Мен елімізде STEAM білім беруді дамытуға мүдделі қазақстандық мұғалімдер қауымдастығы атынан осындай ауқымды PRO.NRG Fest отбасылық ғылыми фестивалін ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Фестиваль еліміздің ғалымдары, ұстаздары, ата-аналары мен студенттері арасындағы жемісті қарым-қатынас орнатқан алаңға айналды. Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы фестиваль жұмысын өте сәтті үйлестіре алды! Барлық іс-шаралар қызықты, танымды және алуан түрлі болды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, келген оқушылардың ата-аналары да қатыса алды. Заманауи білім әлеміне сүңгуге мүмкіндік бергеніңіз үшін көп рахмет!!!
Қатысушы PRO.NRG 2023
kerimasan@gmail.com
PRO.NRG.Fest фестивалі әсерлі зерттеулер, қызықты ойындар мен түрлі іс-шаралар барысында жаңа практикалық дағдыларды меңгере отырып, ең жас қатысушы ретінде ғылымға алғашқы қадам жасаудың ашық мүмкіндіктері.
Фестиваль – отбасылық белсенді демалыс үшін де, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген креативті, STEAM-ге бей-жай қарамайтын мұғалімдерін үшін де таптырмас тамаша алаң. Мұғалімдер Science on Stage халықаралық байқауының Республикалық кезеңі барысында STEAM-ге қызығушылық танытқан әрбір адамға ең қызықты идеялары мен инновацияларын көрсете алды.
Тәуелсіз және әділ қазылар 2024 жылы Финляндияда өтетін халықаралық кезеңге қатысатын жеті үздік мұғалімді таңдауға мүмкіндік берді.
Атқарылған жұмыстарға қанағаттану, мүдделес әріптестермен кездесуден алған қуаныш, пайдалы да қажетті іске атсалысып жүргенді сезіну –іс-шарадан кейін тура осындай күйді бастан кештік. Мұның барлығы әрине «Chevron» компаниясының қаржылай қолдауымен және «Caravan of Knowledge» ҚФ ұйымдастыруымен жүзеге асқан тамаша жобаның жемісі.
Келесі жылы жалғасын күтеміз!
Қатысушы PRO.NRG 2023
betiyev_margulan@gmail.com
Тәнті болу! PRO.NRG FEST туралы айта бастағанда есіме ең бірінші осы сөз келеді. Кез келген талғамға арналған көптеген іс-шаралар, тамаша спикерлер, өте жоғары деңгейдегі ұйымдастыру.
Мен мұндай ауқымды шараға бірінші рет қатысып отырмын және мен тек жағымды эмоцияларды алдым! Ең алдымен, егер ғылым өз ісін жақсы көретін адамдардың қолына түссе, таңқаларлық және алуан түрлі пішінге өзгерте отырып, олардың балалар мен ересектердің қызығушылығын соншалықты оңай оятатқаны мені таң қалдырды. Қатысушы ретінде мұғалімдермен, балалармен және ата-аналармен кездесіп, араласқаныма, идеялармен бөлісіп және басқа қатысушылардан көптеген жаңа нәрселерді білгеніме өте қуаныштымын.
Мен үшін PRO.NRG FEST-ке қатысу - бұл әрі қарай жұмыс істеуге шабыт беретін жол. Ғылым, технология және өнердің осындай тамаша мерекесі үшін ұйымдастырушыларға мың алғыс!
Ұйымдастырушылар
  • Caravan of Knowledge
    Қазақстанда STEAM білім беруді (science, technology, engineering, art, and mathematics) дамытуға арналған корпоративтік қор.
Серіктестер
Шеврон - бас серіктес
Оқу-ағарту министрлігі - стратегиялық серіктес
Целинный, Орта, УЕМАа, KilenHub - операциялық серіктестер

Өтетін орны