Био-арт
Био-арт - ғылым мен өнерді ұштастырамыз
Био-арт – суретшілер тірі маталармен, бактериялармен, гендік технологиялармен, микроағзалармен және өзге де табиғи материалдармен жұмыс жасайтын заманауи өнердегі бағыт. Фестиваліміздің шығармашылық сессиясында дәл осы тақырып ең басты болады.
Био-арт әзірге тек Қазақстанда дамып отыр, сондықтан жарқын көріністің, интерактивті қойылым мен ART&SCIENCE тоғысындағы қызықты дәрістердің алғашқы көрермені атануға толық мүмкіндіктеріңіз бар.
Фестиваліміздегі ART-резиденцияны ұйымдастырушылар – YEMAA орталығы.
YEMAA – 2021 жылы Атырауда негізі қаланған мультипәндік ашық кеңістік. Орталық жұмысының басты ерекшелігі – заманауи мәдениет – әдебиет, поэзия, бейнелеу өнері, музыка, ғылым мен кино, сондай-ақ суретшілердің мансап құруына қолдау көрсету.
Жазда орталық «Бесінші элемент» деп аталатын арт-резиденция өткізді. Осы кеңістікке Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас суретшілер жиналып, бірге оқуға, зерттеуге және био-арт аясында туындыларын өмірге әкелуге мүмкіндік алды.
Жоба авторлары суретшілерді тың жетістіктерге жетуге шабыттардыра білді, ал енді PRO.NRG FEST фестивалінің қонақтарына өздері үшін Art&Science әлемін жаңа қырынан ашуға көмектесетін болады. Сіздер сонымен қатар алғаш рет резиденция менторы, мексикалық суретші және биотехнолог Лаура Родригездің жұмыстарын алғаш рет көре аласыздар.
PRO.NRG FEST – кел, тамашала, көр!
Көріністер: 71
Сақталған: 27.07.2023