
ҚАРАПАЙЫМНЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС
Неге ғылым әрдайым біздің қасымызда? Күнделікті тірліктен асып түсіп қарайық!
Біздің айналамызда күнделікті кездесетін, алайда құпия болып қалатын заттар жеткілікті. Біз бұл заттарды күнде көреміз, қосамыз және өшіреміз, сатып аламыз және сыйлаймыз, оларсыз өмір сүре алмаймыз. Байланысқа қолданатын ұялы телефондар, киетін джинсы, дастарқанымызда тұрған тағам.
Бір қарағанда қарапайым көрінетін заттар мен құбылыстардан химияны, технологияны, тарихты және тағы басқаны қалай табамыз?
Қарапайым сұрақтар қоюдан бастайық – барлығымызға таныс заттар қандай принцип бойынша жұмыс жасайды? Ал егер... былай болса, қалай?
Қарапайымның шегінен шығуға бізге ғалымдар, өнертапқыштар мен мұғалімдер көмектеседі. Олар бізге күнделікті өмірден есептердің жауабын тауып, Ғаламның құпияларына жауап іздеуге үйретеді.
PRO.NRG FEST ғылыми отбасылық фестивальмен бірге әлемге кеңінен қараңыздар. Дәл осы жерде оқушылар мен олардың ата-аналары әуесқой зерттеушілерге айналады. Ал ғалымдар мен мұғалімдер күрделі заттарды қарапайым тілмен түсіндіреді.
Бізбен бірге ғылым әлеміне, таңғажайып жаңалықтар мен жаңа білімге үңіліңіздер!
PRO.NRG FEST – ауқымды ғылыми-көпшілік оқиға, ол астанадағы ең ақылды отбасылық уикенд болады. Біздің мақсатымыз – сіздер мен балаларыңызды білім энергиясымен қуаттандырып, сындарлы және ғылыми ойлаудың негізін қалыптастыру.
PRO.NRG FEST – STEAM мұғалімдеріне арналған білім беретін және нетворкинг алаң. Біз сабақтарыңызды шабытқа толтырып, көп пәндік әдісті қолданып, жобалық және жасампаз оқытуды өз қолдарыңызбен енгізуді көрсетеміз.
PRO.NRG FEST – бұл ғылымға және ғаламымыздың кез келген құпиясына қызығушылық танытатындардың барлығына арналған лекторий. Біздің ғалымдар мен ғылымды насихаттаушылар күрделі заттар туралы қарапайым тілмен жеткізіп, ғылыми шоу және тәжірибе жүргізіп, сіздерді ғылыми шеберлік-сағаттарының қатысушыларына айналдырады.
PRO.NRG FEST – білім беру саласы және EDU-стартап менеджерлеріне арналған форсайт. Мұнда сіздер соңғы білім беру трендтері туралы, ең бастысы, STEAM принциптерін өз мектептеріңізге немесе ұйымдарыңызға енгізу жайлы, жаңа жетістіктерді бағындыру жолында оқушылар мен мұғалімдердің потенциалын қалай жетілдіруге болатыны жайлы біле аласыздар.
PRO.NRG FEST – болашағыңызға керекті білім энергиясына толы бастапқы алаң!