рус / eng / kaz
  


Темы фестиваля

PRO.FAMILY 
Біздер қызыға білу және зерттеуге құмарлық – аса құнды қасиеттер екеніне сенімдіміз, оны баламен бірге өз бойларыңызда да дамытуға болады, әрі біздің фестиваль осы үшін мүмкіндік береді. Күні бойы басты залдың үлкен сахнасында интерактивті шоу мен көрініс өтеді, ол сіздердің отбасыларыңызды ғылым мен технология әлеміне, таңғажайып жаңалықтар мен жаңа білім құшағына ала кетеді.


PRO.SCIENCE
Біз сіздердің шынайы ғалымдар мен зерттеушілерді өз көздеріңізбен көріп, оларға сұрақтарыңызды қойып, тіпті, бірлесіп тәжірибе жасағандарыңызды қалаймыз. Сіздерге және балаларыңызға ғылымды жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін интерактивті көрініске толы таңғажайып зерттеулер жүргізіп, қызықты дәрістерді тыңдап, естен кетпес тәжірибе жинақтауды ұсынамыз.  




PRO.TEACHERS 
Сіздерді сабақ барысында шығармашылық және зерттеу алаңына жол ашатын педагогтермен, жаңалық табушылармен таныстырамыз. Олар білім алу қызықты әрі тиімді бола түсуі үшін ең озық ағартушылық технологияларды пайдаланады. Бізбен бірге сіздер интерактивті сабақтардың, тәжірибелердің, жасампаз жобалар мен бірегей тапсырмалардың тереңіен бойлайсыздар. 


PRO.ART
Суретшілердің био-артты пайдаланып ғылымды қалай бейнелейтінін және тірілтетінін көрсетеміз. Бұл бағыт күрделі туындылардың эстетикасы мен сұлулығын, идеясы мен тұжырымдамасын тамашалап, тікелей мағынасында айтқанда, ғылымға қол тигізуге мүмкіндік береді. Сіздерді интерактивті қойылымдар мен Art&Science шеберлік-сабақтары күтеді.



STEAM ACTIVITIES
Біздер балаларға өздерін тәжірибеші ретінде сезінуге мүмкіндік беретін аймақ жасадық. Оларға геймификация форматында робототехникамен, инженериямен және ғылыми шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беріңіздер. Ал ең белсенді қатысушылар «джоули» ұтып алып, оларды ақылды сыйлықтарға алмастыруға мүмкіндік алады. 

Көріністер: 146
Сақталған: 27.07.2023



ТІРКЕЛУ


Сұрақтар қалды ма?



  

©2022 Все права защищены





Күте тұрыңыз...

Хорошая погода, не так ли?

Ақпараттық бюллетеньге жазылу


Операция сәтті аяқталды.



Қате!